"Қазақ ырымшыл халық. Тайқазанның оралуы арқылы біздің еліміздің ырысы, дәулеті қайта келді. Сонымен бірге қазақтың бүкіл қасиеті қайтып келген сияқты. Мен Өзбекәлі Жәнібековтың ең ұлы істерінің бірі осы деп есептеймін", - деді Өмірзақ Айтбайұлы. Академиктің пайымдауынша, Ө. Жәнібеков сондай-ақ елімізге, жерімізге қызмет жасаған қандай адамдар болған деп бәрін ой елегінен өткізіп, ұмыт болып бара жатқандардың барлығын қайтадан елдің есіне салып, олардың өмір-тарихын жұртқа таныстырды. Түрлі театрларды, ансамбльдерді өмірге әкеліп қазақтың ішкі жан-дүниесін байытатын, түрлендіретін, әрлендіріп-нәрлендіретін көп істер тындырды. Соның нәтижесінде 1986 жылдан бастап қазақтың зиялы қауымы қайтадан сілкеніп, ояна бастады.
16:26, 23 Желтоқсан 2011
Тайқазанның оралуымен біздің еліміздің ырысы, дәулеті қайта келді - академик Өмірзақ Айтбайұлы
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өзбекәлі Жәнібековтің ең ұлы істерінің бірі Тайқазанды Түркістанға қайтаруы болды, деді ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы бүгін Алматыда "Өзбекәлі Жәнібеков" деп аталатын библиографиялық көрсеткіш пен "Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы" деген жаңа кітаптың тұсаукесер рәсмінде.