Осы мақсатта Тай елінен 16 компания өкілі келді.
Шетелдік делегацияны елшіліктің коммерциялық министрі Киттинанд Ыингчароен бастап келді.
«Қазақстан нарығы біздер үшін таңсық болып отыр. Бірақ, нарықтық қатынасты дамыту үшін бірқатар кедергілер бар. Біріншіден, Тай елінде Қазақстанды көп адам білмейді. Қазақстан халқы территориясымен салыстырғанда өте аз. Сатып алу мүмкінігі аз. Тауарды тасымалдау үшін теңіз порты жоқ. Бірақ сонда да өзара қатынасты дамытуға тырысып жатырмыз. Қазір тауарды Ресей мен Қытай арқылы жеткізудеміз. Бірақ бұл өте қымбатқа соғып отыр. Қазақстанның әлеуетін жоғар бағалап отырмыз», - деді Ыингчароен.
Мамандардың айтуынша, тай өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
«Алматыда Тай кәсіпкерлік орталығы бар. 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазқстандықтар АҚШ, Ресей, Қытай өнімдеріне үйреніп қалған. Тай өнімдері олар үшін таңсық. Бірақ сапасын көргендер біздің өнімдерді бағалайтыны рас», - деді «Perfect Kazakhztan» компаниясының аймақтық менеджері Ержан Бағасов.
Айта кету керек, форумды «Атамекен» ҰКП мен қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр.