Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша,14,5 миллион доллар тұратын мұндай бағалы сыйлық Үндістанның Бихар штатына арнайы рейспен жеткізілген. Ғибадатхана қызметкерлері оның төбесін алтынмен қаптауға шамамен 300 келі алтын қажет деп отыр. Керекті бағалы металды қайырымдылық жасаушылар жинап та үлгерген. Ал декорациялау жұмыстары бір ай көлемінде аяқталуы тиіс.
Бихар штатының астанасы Патнадан 96 шақырым жерде орналасқан ғибадатхана 2002 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасына жататын қорғалатын нысанға айналды. Оның іргетасы біздің эрамызға дейінгі 260 жылы қаланған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.