Тайланд королінің қызы ат спорты бойынша ел құрамасының құрамында Азия ойындарына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханшайым Сириваннари Наритана спорттың өзге түрі бойынша ойындарға қатысқан. 2006 жылы ол Азиадада бадминтон бойынша ел құрамасының қатарында өнер көрсетті.

Соңғы рет өткен жылы Оңтүстік-шығыс Азия ойындарында ат спорты бойынша бағын сынап, 10-орынға ие болған. Ал командалық есепте 5-орынды еншіледі.

" Оңтүстік-шығыс ойындарынан аяқталғаннен бері ұдайы жаттығудамын", - деді ханшайым.

Наритана биыл да Әдемі ханзада аталатын сәйгүлігімен қатыспақ.

XVII Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында кореялық Инчхоне қаласында өтеді.