Тайландта апатқа ұшыраған катерде Қазақстан азаматтары болмаған

Тайландта құзға соғылған катердің ішінде Қазақстан азаматтары болмаған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр мәлім етті, деп хабаралайды Kazinform .

Фото: ҚР СІМ

Айта кетейік, Тайландта ресейлік туристер мінген катер құзға соғылып, 1 адам мерт болды. Тағы бірқатары түрлі дәрежеде жарақат алды.