Бұл адамдарды шақыру себептері нақты анықталған жоқ, деп жазады BBC.
Бұған дейін елде төңкеріс жасаған әскерилер коменданттық сағат орнағанын жариялаған болатын. Тайланд қарулы күштерінің ресми өкілі әскери жағдайдағы Ұлттық комитет қауіпсіздікті сақтау мақсатында кім-кімге де 22:00-ден 05:00-ге дейін көшеге шығуға болмайтынын ескерткен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше құрлық жаяу әскерінің генералы Прают Чан-Оча елде әскери төңкеріс болғанын хабарлаған болатын.