Дүйсенбі кешке Тайландтың Сой-Саван жағажайында караоке мейрамханасында қол гранатасы жарылды, деп хабарлады жергілікті Bangkok Post басылымы.
Жарылыс салдарынан Тайланд азаматшасы қаза тапты. Полицейлер оның кім екенін анықтады. Тағы жеті адам жарақат алған.
Бірінші жарылыстан кейін көп кешікпей оқиға орнынан 10 метр жерде екінші жарылыс орын алды, бұл ретте ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір жарылыс болған маңай қоршауға алынды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады, шабуыл себептері анықталуда.