«Науқас әйел арнайы медициналық құралдармен жабдықталған санитарлық авиация және білікті дәрігерлер бригадасының көмегімен жеткізілді. Қазір ол жіті бақылауда», - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері шетелден Қазақстанға жағдайы нашарлаған 6 адам жеткізілген. Тасымалдау жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Тайландқа демалуға аттанған 56 жастағы теміртаулық әйел 4 сәуір күні инсульт алып, Паттая қаласының ауруханасына түскен болатын.
Сондай-ақ биылғы 6 қаңтарда Тайландта отбасылық демалыста жүрген Қазақстан азаматшасы мерзімінен бұрын босанып қалғаны туралы жазған едік. Әйел сәбиімен бірге санавиациямен елге жеткізілді.