Қаскөйлер бірінші жарылыстан кейін электр стансасын істен шығарды, соның салдарынан бірқатар аудандар бірнеше сағат бойы жарықсыз отырған. Лаңкестіктің салдарынан 8 қабатты қонақ үйдің ғимиратына зақым келтірілді. Қауіпсіздік мақсатында қонақ үйдегі қызметкерлер мен қонақтар шұғыл арада басқа аймаққа көшірілді. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, мекеменің 4 қызметкері жараланды.
16:24, 01 Тамыз 2012
Тайландта қонақ үйде жарылыс болды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Тайландта, оңтүстік Паттани елді мекенінде орналасқан CS Pattani Hotel қонақ үйінде жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сілтеме жасай отырып Утро. ру. хабарлады.