Тайландта піл мазасыз туристі жазым ете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық студенттің пілмен болған кездесуі өліммен аяқтала жаздады, деп жазады Риа Новости.

Жергілікті тұрғындар пілдерді ондағы арықтардың біріне шомылдырып жатқан еді. Сол сәтте турист қыз пілдерге жақындап келіп, олардың біреуін сипалай бастайды. Бұл әрекет пілге әрине ұнамай қалады. Піл басын жай ғана көтеріп қалған сәтте, қаперсіз тұрған қыз бірнеше метр жерге ұшып түседі. 


Абырой болғанда қыз ешқандай жарақат алған жоқ, ал Лаво бұл оқиғаның бейнекөрінісін YouTube желісіне орналастырды.