Тайландта ресейлік туристер мінген катер құзға соғылып, 1 адам мерт болды

Фото: Фото: ТАСС

Тайландтың Майтон аралы маңында туристер мінген катер құзға соғылып, 1 Ресей азаматы мерт болды, тағы бірқатары түрлі дәрежеде жарақат алды.  Бұл туралы Ресейдің Пхукеттегі Бас консулы Владимир  Соснов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform  ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  

«Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 15:00 кезінде Майтон аралы маңында туристер мінген катер құзға соғылды. Ресейлік бір әйел мерт болып, тағы бірнешеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді»,-деді ол.

Қанша адамның зардап шеккені нақтыланып жатыр. 

Майтон аралы Пхукеттен 9 км қашықтықта жатыр. Ол жағалаудағы ақ құмы мен корал рифтерімен тартымды. Онда Пхукетте демалып жатқан туристер үшін күнде сапар ұйымдастырылады.