Тайландта ресейлік туристер мінген катер құзға соғылып, 1 адам мерт болды

Тайландтың Майтон аралы маңында туристер мінген катер құзға соғылып, 1 Ресей азаматы мерт болды, тағы бірқатары түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы Ресейдің Пхукеттегі Бас консулы Владимир Соснов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: ТАСС

«Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 15:00 кезінде Майтон аралы маңында туристер мінген катер құзға соғылды. Ресейлік бір әйел мерт болып, тағы бірнешеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді»,-деді ол.

Қанша адамның зардап шеккені нақтыланып жатыр. 

Майтон аралы Пхукеттен 9 км қашықтықта жатыр. Ол жағалаудағы ақ құмы мен корал рифтерімен тартымды. Онда Пхукетте демалып жатқан туристер үшін күнде сапар ұйымдастырылады.