Бұл туралы Лампанг провинцияның полициясы хабарлады. Апат сәрсенбі күні орын алды. Осыған дейін 17 адам қаза тапты деп хабарланған болатын.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, автобус тауға бұрылатын күрт жолда қоршауға соғылып, тереңдігі 50 метрлік шатқалға құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктің тежегіші істемей қалған. Құтқарушыларға автобустан адамдарды алып шығу үшін көп уақыт қажет болды.
Полицейлердің айтуына қарағанда, ажал құшқандар - Чиангмай провинциясының діндар әйелдері. Бұл күні олар ұйымдасып Чианграй провинциясына жақын храмға бара жатқан.