Bangkok Post басылымының деректеріне сәйкес, оқиға Накхонратчасим провинциясында болған. Жергілікті білім беру мекемесінің 15 шақты бүлдіршіні Будда ғибадатханасы аумағында болған. Олардың жанында бірнеше тәрбиешілер болған. Белгісіз себептермен күтпеген жерден бірнеше қоңырау ілінген бағана құлап кетті.
Қоңырау ойнап жүрген балалардың үстіне құлады. Салдарынан екі ер бала жеңіл жарақат алса, ауыр жарақат алған қыз бала ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен, бірнеше сағттан кейін көз жұмды.