Тайланд билігі пандемияға байланысты елде жарияланған төтенше жағдай режимін тамыз айының соңына дейін ұзартты.
Ал Гонконгта жабық қоғамдық орындарда адамдардың маска тағып жүруі міндеттелді. Егер осы талапты орындамағандарға 5 мың гонконг доллары көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ, Гонконгта 28 шілдеге дейін ойын-сауық орталықтары мен спорт залдар жабылды. Мейрамханалар тек шектеулік уақыт ішінде (18:00 сағатқа дейін) қызмет көрсететін болады.