ҚР Волейбол федерациясының мәліметіне қарағанда, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы іріктеу сынын сәтті өткізді. Украина мен Польша елінен келген құрдастарын 2:1 есебімен ұтқан олар енді ертеңгі негізгі кестеде жарысты одан ары жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Марина Пилиапенко мен Бақтыгүл Самаликова австриялықтар қарсыластарын 2:1 есебімен ұтқанымен, ұлыбританиялықтардан ойсырай ұтылды (0:2). Сондай-ақ іріктеу кезеңіндегі кездесудің біреуінде басым түскенмен, екіншісінде жеңіліс тапқан Инна Рахматулина мен Людмила Исаева, Оксана Пилипенко мен Александра Варасова да жарыс жолынан ерте шығып қалды.
17:16, 03 Қараша 2010
Тайландта жағажай волейболынан SWATCH FIVB Әлемдік турының Пхукет оупен кезеңі басталды
АЛМАТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Бүгін Тайландтың Пхукет аралында жағажай волейболынан SWATCH FIVB Әлемдік турының Пукет оупен кезеңдік сайысы басталды. Жарыстың жүлде қоры 190 мың АҚШ долларын құрайды.