Тайландта жағажайдағы волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Азиялық тур ойындары өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 14-16-сы күндері Тайландта жағажайдағы волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Азиялық тур ойындары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.Бұл дүбірлі додаға Қазақстаннан Алматы мен Ақтау қалаларының командалары қатысады. Ал сәуірдің 24-інде Вьетнамда әйелдер командалары арасында жалауы көтерілетін Азиялық турда ел намысын «Алматиночка» командасы қорғамақ. Жалпы бұған дейін наурыздың 12-14-і күндері Иранның Киш аралында ерлер командалары арасында жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын Азиялық тур ойындары өткен болатын. Қазақстаннан бұл сайысқа Ақтау қаласының «Каспий» командасы қатысып, 4-ші орынды қанағат тұтты.