Белгілі болғандай, жарылыс Паттани қаласында орын алған.
«Жарылғыш зат кеспе сататын дүңгіршектің қасында жарылды. Нәтижесінде бір әйел ажал құшты. Қазіргі кезде ауданды тексеріп жатырмыз», - деп хабаролады жергілікті полицияда.
Еске ала кетейік, осыған дейін 12 тамызда Хуахин, Суратхани провинциялары мен Пхукет курортында жарылыс болған еді. Ал 11 тамызда Хуахин қаласында екі рет жарылыс болған. Салдарынан 4 адам көз жұмған еді.