Тайландта жарылысқа қатысты күдікті 10 адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд полициясы бүгін корольдік курорттарында жарылыс жасау сериясына қатысқан күдіктілерді тұтқындауға 17 сот ордерін алды.

 Олардың 10-ы қолға түсті, деп хабарлады Bangkok Post газетіне сілтеме жасап ТАСС.

Тайланд полициясының басшысы елдегі жарылысты таяуда өткен конституция бойынша референдуммен байланыстырады.

Басылым жазып өткендей, ұсталған он күдікті қазір Накхонситхаммарат провинциясындағы әскери база аумағында. Олардың тұтқындауға ордер  осы істі қарайтын әскери трибуналға беріледі.