Тайландта жатақхана өртеніп 17 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың оңтүстігінде Чианграй провинциясында мектеп жатақханасынан өрт шығып, 17 адам қаза тапты, бес адам жараланды, тағы екі адам табылмай жатыр. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жексенбі кешке жатақхана ғимараты өртке оранған. «Іште 5-12 жас аралығындағы 38 оқушы болған», - деп хабарлады құқық қорғау органдары. Жатақхана қызметкерлері мен құтқарушылар жалындаған өрттен бірнеше қыз баланы ғана аман шығарып үлгерген. Қалғандарын эвакуациялау мүмкін болмады.