«Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», - деді Айбек Смадияров.
Оның атап өтуінше, барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.
«Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста», - деді ресми өкіл.
Бұған дейін Таиланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.