АСТАНА. ҚазАқпарат – Нью-Йорк Таймс-Скверіндегі ең үлкен әрі әлемге танымал LED-экранның бірінде кешеден бері Димаш Құдайбергеннің таяуда жарық көрген «Omir» музыкалық клипін және оның алдағы уақытта Малайзияда өтетін жеке концертін қолдауға арналған видеороликтер көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Dimashnews.com. сайтының мәліметінше, үш видеоролик транслациясын қазақ әншісінің ресми фан-клубы ұйымдастырған. Видеороликтер тәулік бойы әр 20 минут сайын LED-экранда көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі бірінші жеке концерті 24 маусым күні өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген «Omir» деп аталатын жаңа музыкалық клипын ұсынған болатын. Әнші өнер туындысын жанкүйерлеріне арнады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.