«Қазіргі уақытта баланста 41 кен орны бар. Қалған өндірілетін қорлар 72,8 млн тоннаға бағалануда. 40 пайызға жуығы - өндірілуі күрделі, дәстүрлі емес, тұтқырлығы жоғары мұнай. Оған қоса 2 млн тонна мұнай консервіленген кен орындарында орналасқан. Басқаша айтқанда, компанияның нақты өндірілетін қоры - 40 млн тонна», - деп хабарлады «Ембімұнайгаз» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
Ә. Жақсыбековтің айтуынша, ресурстық базаны азайту компания алдына жаңа кен орындарын іздеу, жұмыс істеп тұрғанын толық барлау міндетін қояды.
«Осы жылы «Ембімұнайгаз» АҚ 15 жаңа барлау ұңғымасын іске қосуды жоспарлауда. Оның ішінде перспективасы жоғары Тайсойған және Қаратон-Сарқамыс құрылымдары бар», - деп хабарлады Ә. Жақсыбеков.