Тайвань әкімшілігінің бұрынғы басшысы өмір бойына түрмеге кесілді

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Тайвань әкімшілігінің бұрынғы басшысы Чэнь Шуйбянь сыбайлас жемқорлығы үшін бүгін өмір бойы қамауға кесілді.

Ол   2000  жыл  мен 2008 жылдың мамыр  айының аралығында   билік  басында   болған  8 жылда    мемлекет  ақшасын   талан-таражға салғаны, парақорлығы және    басқа да     қылмыстары   үшін кінәлі деп танылды, деп  хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

 Тайвань  әкімшілігінің  бұрынғы басшысы   өткен жылдың  қараша айында   қамауға алынған болатын.

 Прокурорлар,   Чэнь Шуйбянь  мен   оның  отбасы   жалпы есеппен  20  миллионнан  астам   доллар    ақшаны   қалталарына басты,  деп   санайды.