Тайвань аралына жойқын тайфун жақындап келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайвань халқынан маза кетті. Себебі аралға «Дуцзюань» тайфуны таяп қалды, деп хабарлады www.24.kz.

Осыған байланысты жергілікті билік 3 мыңға жуық адамды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірді. Олардың дені - туристер. Мамандар дауыл өзімен бірге нөсер мен күшті жел алып келеді деп отыр.