Дахан өзеніндегі тоғандар табиғи дүлей күшке төтеп берер емес. Бөгеттің жырылып кетуін болдырмас үшін арал билігі ондағы суды өзенге ағызып жіберу туралы шешім қабылдаған. Әр секунд сайын 10 мың текше метр су ағызылып жатыр. Айта кетейік, Тайваньда бірнеше күннен бері «Трами» тропикалық дауылы басылмай тұр. Осыған орай аралдағы мектептер, дүкендер мен кеңселер жабылған.