Тайвань басшысы алғаш рет әйел адам болмақ - Цай Инвэнь

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда сенбі күні арал әкімшілігінің басшысы сайлауы өтті, онда оппозициялық Демократиялық прогрессивтік партиядан үміткер Цай Инвэнь жеңіске жетуде. Алғаш рет Тайвань басшысы болып саясаткер-әйел сайланып отыр.

Тайваньнің қолданыстағы заңнамасына сәйкес 20 жасқа жеткен барлық азаматтардың дауыс беруге құқығы бар. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, дауыс беруге барлығы 18,7 миллионнан астам адам қатыса алады, деп хабарлады РИА Новости .

Жергілікті заңнамаға сәйкес Тайвань әкімшілігінің басшысы әр төрт жылда сайланады және екі мерзімнен артық уақытқа сайлана алмайды.

China Times мәліметтеріне қарағанда, Цай Инвэньнің жақтастары сайлау учаскелері жабылғанға дейін Демократиялық прогрессивтік партияның штаб-пәтері қасына жинала бастады. Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін штаб-пәтерге Цай Инвэньнің өзі де келді.

Фавориттің жеңісі

Тайвань әкімшілігінің басшысы лауазымынан кететін Ма Инцзю сайлауға қатысқан жоқ, өйткені ол осы лауазымда екі мерзім бойы отырды. 2012 жылы өткен сайлауда ол сайлаушылардың 51,6% дауысына ие болды, сөйтіп, 45,6% дауыс жинаған Цай Инвэньнен алты пайызға озып кетті.

Сенбідегі сайлауда әкімшілік басшысы лауазымына үш үміткер таласты: Чжу Лилунь - биліктегі Гоминьдан партиясынан, Цай Инвэнь - Демократиялық прогессивтік партиядан және Сун Чуюй - Бірінші Халықтық партиядан.

Taiwan Brain Trust өткізген қоғамдық пікір сауалдамасының мәліметтері сенбілік сайлау фавориті Цай Инмэнь болып саналатынын көрсетті: әйел-саясаткерге шамамен сайлаушылардың 48 пайызы дауыс беруге әзір болды.

Taiwan Brain Trust сауалдамада екінші орынды Гоминьдан өкілі Чжу-Лилуньға берді - 20%, ал үшінші орын Бірінші халықтық партия өкіліне (10 пайыздан төмен) берілді.

Сайлау қорытындысы бойынша 60%-ға жуық дауыс жинаған Цай Инвэнь сайлау алдындағы дода фавориті мәртебесін қуаттады. 30%-ға жуық дауыс жинаған Гоминьдан партиясынан үміткер Чжу Лилунь екінші орынды иеленді. Үшінші орынға Бірінші Халықтық партиядан Сун Чуюй орналасты, ол 9,3% дауыс жинады.

Бұдан бұрын Чжу Лилунь сайлауда жеңілгенін ресми мойындады. «Барлыңыз да кешіріңіздер, Чжу Лилунь сіздердің үміттеріңізді ақтай алмады. Біз сайлаушылар үдесінен шыға алмадық. Біз тайвань үшін жауапкершілікті құрдымға жібердік», - деп мәлімдеді ол.

Өзінің лауазымынан кететін Ма Инцзю Тайвань әкімшілігінің басшысы өкілеттігін 20 мамырда ресми тапсырады.

Тайваньның саяси келешегі

Демократиялық прогрессивтік партия мен Тайваньнің жаңа партиясы «Жасыл коалиция» деп аталатын одаққа кіреді және аралдың тәуелсіздігін жақтайды. Гоминьдан биліктегі партиясы мен Бірінші халықтық партия «Көк коалицияға» кіреді және құрлықтық Қытайға қайта қосылуды жақтайды.

Бұдан бұрын сарапшылар Цай Инвэнньнің жеңісі 1992 жылы болған құрлықтық Қытай мен Тайвань өкілдерінің кездесуінен кейін пайда болған «1992 жылғы ымыра» деп аталатын келісімге қауіп төндіреді деп мәлімдеді, бұл келісім «бір Қытай» принципі мен бірлігін тануды білдіреді. Дегенмен әр тарап «біртұтас Қытай» түсінігін өздерінше пайымдайды.

«Тайвань бұғазының екі жағы өзара қолдануға болатын өзара іс-қимыл тәсілдерін қамтамасыз етуге жауапты», деп мәлімдеді өзінің жақтастарына үндеуінде Цай Инвэнь.

Оның айтуынша, сенбіде өткен сайлауда «Тайвань тұрғындары өздерінің бюллетеньдерін тарихты жасау үшін пайдаланды». Цай Инвэнь сондай-ақ Заңнамалық Юань сайлауына қатысқан партиялар бірге жұмыс жасай алады және ДПП да қалған партиялармен тығыз консультацияларды қолдайды, деп атап өтті.

Ол сонымен қатар Тайвань әкімшілігі басшысының сайлауына қатысқан өзінің оппоненттеріне де алғыс айтты.

Цай Инвэнь бұдан бұрын арал Транстынықмұхиттық әріптестікке кіруі тиіс деп мәлімдедң.

ТМӘ туралы келісімге 5 қазанда қол жеткізілген болатын. Оның ауқымында Азия-Тынық мұхит аймағында еркін сауда аймағы құрылады. Тынықмұхиттіқ елдер әлемдік экономиканың 40 пайызын және әлемдік сауданың үштен бірін құрайды. Келісімге қатысушылар - Солтүстік Америкадағы АҚШ, Канада, Мексика, Оңтүстік Америкадағы Перу мен Чили, Азиядағы Жапония, Малайзия, Бруней, Сингапур, Вьетнам, сондай-ақ Австралиия мен Жаңа зеландия.

Сонымен қатар Демократиялық прогрессивтік партиядан үміткер экономикалық тұрғыдан алғанда, құрлықтық Қытаймен аралдық мәртебсін бұрынғыша қалдыру қажеттігін мәлімдеді.

«Реформаларды бір күнде өткізу мүмкін емес, бірақ та төрт жыл ішінде атқаруға болады (Тайвань басшысының өкілеттік мерзімі)», - деп атап өтті Цай Инвэнь.

«Ал АҚШ пен ТМӘ-іне қатысты айтар болсақ, онда біз бұған кешенді түрде қарауымыз қажет, біз реформаларға кірісеміз және біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырамыз», - деп атап көрсетті ол.

Заңнамалық Юань сайлауында 19 орыннан келіп түскен бюллетеньдердің жартысынан көбін санап шыққаннан кейін Гоминьдан сайлауда жеңілді, ал Демократиялық прогрессивтік партия 73 орынның жартысынан көбіне ие болады, ол орталыққа бағынатын қалалардың, кенттер мен уездердің дауыс беруі анықталғаннан кейін - халық санына тең бөлінеді.

Тайвань үкіметінің басшысы (Атқарушы Юань) Мао Чжиго сайлауда оппозициялық Демократиялық прогрессивтік партия өкілі Цай Инвэнь жеңіске жеткеннен кейін жұмысынан кетуге өтініш берді.

Құрлықтық Қытайдың араласпауы

Қараша айында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Тайвань істері жөніндегі кеңсенің ресми өкілі Ань Фэншань Бейжің 16 қаңтардағы сайлау төңірегінлдегі жағдайға араласпайтынын мәлімдеді.

«Біз бұрын Тайваньдағы сайлау өткізуге араласпайтынымызды айтқан едік, біз бұғаздың екі тарабы арасындағы «қатынастарға баса көңіл бөлеміз», - деген оның сөзін келтіреді «Хуаньцю шибао» газеті журналистердің құрлықтық Қытай аралдағы сайлау нәтиежелерін қалай бағалайды деген сұрақтарына жауап қайтара келіп.

ҚХР орталық үкімет мен аралдық провинция арасындағы ресми қатынастар 1949 жылы Қытай компартиясымен азаматтық соғыста Чан Кайши бастаған Гоминьдан күштері жеңіліп, Тайваньға бас сауғалағаннан кейін үзілген болатын. Тайвань мен құрлықтық Қытай арасындағы іскерлік және бейресми байланыстар 1980 жылдардың соңында қайта жалғасты. 1990-шы жылдардан бастап тараптар үкіметтік емес ұйымдар - Тайвань бұғазы тараптары арасындағы байланыстар бейжіңдік қауымдастығы мен Тайбэй қоры арқылы байланыс жасады.

Тайбэй мен Бейжің арасындағы қатынастар 2008 жылы билікке Бейжіңге қатысты жылы шырайлы көңіл күйдегі Гоминьдан партиясының басшысы Ма Инцзю келгеннен кейін аздап жақсара бастады, оны Тайваньның тәуелсіздігіне бүйрегі бұратын оппозиция өкілдері сынға алды. Ма Инцзю кезінде елеулі саяси ілгерілеуге қол жеткізілмегенмен, тараптар арасында туризм және бизнес саласында бірқатар маңызды экономикалық келісімдерге қол қойылды.