Тайваньда автобус аударылып, 30-ға жуық адам қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда эксурсияғы шыққан адамдарды тасымалдап келе жатқан автобус аударылып, кемінде 28 адам мерт болды. Бұл туралы 13 ақпан күні Тайваньның орталық ақпарат агенттігі құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады lenta.ru.

Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша сағат 21-00-де Тайбэй қаласына жақын аймақта болды. Автобуста 44 адам болған және олардың басым бөлігі жергілікті фермалардың біріне гүл жайған шие жемісінің ағашын тамашалау үшін бара жатқан.

Осыған дейін 17 адамның мерт болғаны туралы хабарланды.

Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетті, алайда ол уақытта көп адамның денесі жансыз қалған еді. Олар аман қалған азаматтарға көмек көрсетуде. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Полиция апаттың орын алуына жүргізушінің жылдамдықтың шектен тыс жеделдетуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Алайда, ресми ақпарат жоқ.