Гоминьдан жетекші партиясы кандидат ретінде қазіргі уақытта парламенттің вице-спикері қызметін атқарып отырған Хун Сючжуді ұсынса, оның қарсыласы ретінде оппозициялық прогрессивті Демократиялық партиясы атынан Цай Инвэнь ұсынылды. 2016 жылы қаңтар айында өтетін президент сайлауында екеуінің де жеңіске жетуіне мүмкіндік бар. Сарапшылардың айтуынша, кандидаттардың сайлау алды компанияларының басты платформасы Бейжімен қарым-қатынас мәселесі болады.
19:14, 19 Шілде 2015
Тайваньда екі әйел ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы екі ірі саяси партия өз кандидаттары ретінде ел президенттігіне әйел адамдарды ұсынды, деп хабарлады ВВС агенттігі.