Бұған дейін қытайлық БАҚ өкілдері бүгін таңертең тікұшақпен байланыс үзілгенін хабарлаған еді. Кейіннен әуе көлігінің аралдағы таулы аудандардың біріне қонғаны белгілі болды. Оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр.
13:18, 02 Қаңтар 2020
Тайваньдағы тікұшақ апатынан 8 адам көз жұмды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Тайвань аралының таулы аудандарының біріне апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 13 адамның сегізі ажал құшты. Бес жолаушы аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат China Daily басылымына сілтеме жасап.