Тайваньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны, соңғы мәлімет бойынша, 14 адамға жетті, деп хабарлайды ВВС агенттігі. Жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен - Тайнань қаласы. Онда бірнеше көпқабатты үйлер құлаған.

30-ға жуық адам үйіндінің астында қалып қойған. Апат салдарынан зардап шеккендер саны 500-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, Тайваньдағы 6,4 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы төрт шамасында орын алған. Ол кезде тұрғындарды басым бөлігі үйлерінде болатын. Алғашқы дүмпуден кейін тағы бес рет жер сілкінді. Осыған дейін бұл аймақта магнитудасы 7,6 болатын ірі зілзала 1999 жылы болған. Табиғи апаттан 2,3 мыңнан аса адам көз жұмған болатын.