Тайвань Гондурас президентіне жаңа ұшақ сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайвань билігі Гондурасқа президентке арналған жаңа ұшақ сыйға тартты, деп хабарлады кеше орталық америка елінің стратегия және коммуникация министрлігі.

Тегусигальпадағы Тайвань елшісі гондурастық тарапқа 4 тікұшақ сыйға тартты, ол төтенше жағдайларда адамдарды құтқару үшін пайдаланылады, сондай-ақ Legacy 600 ұшағы Гондурас елінің басшысын тасымалдауға арналған.

Жергілікті El Heraldo басылымының деректеріне сүйенсек, Гондурас президенті Хуан Орландо Эрнандес бұл лайнерді Доминикан Республикасына, одан кейін Майамиге (АҚШ) сапарында пайдаланған да болуы мүмкін.