Тайваньның 4000 мектеп оқушысы бір мезгілде скрипкада ойнап, рекорд орнатты

None
None

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тайваньның мектеп оқушылары скрипкада бір мезгілде ойнаудың жаңа әлемдік рекордын орнатты, деп хабарлады Agence France-Presse .

Бұл жетістік Чжанхуа қаласының стадионында жексенбі күні тіркелді. Қойылымға 18 жасқа дейінгі 4645 бала қатысты. Бұл шараға Гиннестің рекордтар кітабының өкілі қатысты.

Скрипкада бір мезгілде осынша көп адамның ойнауы жөнінен алғашқы әлемдік рекорд 1925 жылы Лондонда жасалған болатын. Онда қойылымға төрт мың скрипкашы қатысқан еді.