Тайванда 14 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат -  Тайванда  400-дей адам  лай көшкінінің астында алды.  «Моракот»  дауылының  салдарынан     аралдың  оңтүстігіндегі  деревнялардың бірінің  тұрғындары  құрбан болды. Апат  аймағынан   14 мыңнан  астам  адам көшіріліп үлгерді,  деп хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.

ВВС   телекомпаниясы  сілтеме   жасап отырған құтқарушылардың  айтуынша, лай басып  қалған   деревняны аршу    үшін     арнаулы  жабдықтар  қажет.    АҚШ пен Еуропалық  одақ  Тайвань әкімшілігіне   өз  көмектерін ұсынып  отыр.

«Моракот»  дауылы  -   Тайванда соңғы 50 жылда  орын алған   ең   жойқын        табиғи  апат  болып  отыр.     Адам құрбандықтарының  жалпы саны 500-ден асуы ықтимал.