Тайванда А(H1N1) тұмауынан бір адам көз жұмды

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Тайванда А(H1N1) тұмауынан бір адам көз жұмды. Бұл жаңа тұмаудың салдарынан елде орын алған бірінші кісі өлімі,

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат   «Синьхуа» агенттігіне  сілтеме  жасап.

 39  жастағы ер азамат шілденің 30-ы  күні    түнде   қайтыс болған.    Тайванда  А(H1N1) тұмауын   жұқтырған  бес  адам,  дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда  жатыр.