Тайванда құрбан болғандардың саны әлі де нақтыланған жоқ

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Тайван аралына төнген жойқын «Моракот» дауылының құрбандарының саны 103 адамға жетті,

деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

Тағы 61 адам  із-түзсіз жоғалғандар санатында.      Құтқарушылардың айтуынша,   бұл  сан әлі де  нақты емес,  себебі     су басып қалған деревняларда  қанша адамның  тұрғаны әзірге  белгісіз.

Бұған   дейін  әскерилер  1 мыңнан астам  жергілікті  тұрғынды    апат  аймағынан      көшірген  болатын.