Тайванда «Маракот» тайфунының салдарынан 678 адам қаза тапты

АСТАНА.   Тамыздың   25-і. ҚазАқпарат -  Соңғы мәліметтер  бойынша,  тамыздың  8-9-ында Тайвань  аралының үстінен    құйындатып өткен  «Маракот»  тайфунының салдарынан  678 адам қаза тапқан.


Жергілікті  өкіметтің  ақпараты  бойынша,    тайфун  мен  оның салдарынан орын  алған  лай көшкіндерінен  қаза  болған  291 адамның денесі  табылды, тағы  387 адам    із-түзсіз жоғалғандар   және  қаза  тапқандар  санатында,  деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

 Қаза болғандардың  тұлғаларын  анықтау  үшін ДНҚ   тестілері  өткізілетін болады.     Табиғат апатының салдарынан   тағы 45 адам    түрлі  жарақат алды.

 «Маракот»  тайфуны  - соңғы 50 жылдағы    ең  үлкен зардап  әкелген   табиғат  апаты.