Тайып Ердоған Түркия президенттігіне сайлауда жеңіп шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-Министрі Тайып Ердоған елде тұңғыш рет өткізілген президент сайлауында 52,1% дауыспен жеңіп шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Осы сәтке дейін дауыс беру бюллетендерінің 99%-ы қаралып болды. Ердоған бірінші турда 50 пайыздан жоғары дауыс жиғаны себепті сайлаудың екінші туры өткізілмейді.

Ресми қорытындыны осы аптаның басында орталық сайлау комитеті жариялайды.