Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саланың негізгі бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.
Келіссөздер барысында электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылдың және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың оң серпіні атап өтілді. Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа генерациялық қуаттарды салу, заманауи технологияларды енгізу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ таза энергетика, жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тәжірибе мен технологиялар алмасу мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, технологиялық дамуға және Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді жобаларды бірлесіп іске асыру жұмыстарын жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Осыған дейін Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыстар мен туризм дамып келе жатқаны туралы жаздық.