«Адал гид»: «Таза қала» тележобасы Қазақстанның туристік нысандарын түсіреді

АСТАНА. KAZINFORM — «Таза қала» экологиялық тележобасының командасы түсірілім кестесін жоспарлап, жаңа бағыттарды таңдап жатыр. Бұл — Jibek Joly арнасындағы танымал телебағдарламаның үшінші маусымы.

Фото: Kazinform

«Таза қала» — Президент Телерадиокешенінің төл жобасы, ол Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Фото: Kazinform

Еске сала кетейік, бірінші маусымда «Таза қала» түсірілім тобы 30 мың шақырым жол жүріп, республикалық маңызы бар 20 қаланы түсірді. Алғашқы маусымда Астана мен Алматы мегаполистері әсемдігі және тазалығымен көш бастады. Екінші маусым 20 моноқаланың шынайы тыныс-тіршілігін көрсетіп, 15 мың қазақстандықты ауқымды экологиялық акцияларға жұмылдырды.

Фото: Kazinform

2025 жылы «Таза қала» тележобасы «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша ұлттық «Тұмар» телевизиялық сыйлығының жеңімпазы атанды.

Жаңа, үшінші маусымда жүргізушілер — Әнуар Кәрібозов пен Қырмызы Жандос елдің 24 туристік бағытына барады. «Адал гид» форматы өзгеріссіз қалады. Бір жүргізуші табиғаттың сұлулығына, өңірдің қонақжайлығына және мәдени ерекшеліктеріне зер салса, екіншісі — бейтарап сыншыға айналады.

Фото: Kazinform

«Таза қала» бағдарламасы сапасыз жол, жоғары баға, күмәнді сервис және ең бастысы — экологиялық мәселелерді объективінен тыс қалдырмайды.

Фото: Kazinform

Көрермендер ішкі туризмнің бояусыз бейнесін көреді. Біз тек «инстаграмдық» көріністерді ғана емес, әрбір саяхатшы бетпе-бет келетін нақты қиындықтарды да көрсетеміз. Дегенмен жоба тек сын айтып қана қоймай, шабыт береді: онда сіздер эко-еріктілермен, жауапты бизнес өкілдерімен және туған жерге деген сүйіспеншілігін іспен дәлелдеп жүрген әкімдіктермен танысасыздар.

Фото: Kazinform

«Таза қала» тележобасының миссиясы — көрермендерге Қазақстанның туристік аймақтарының жағдайы мен дайындығы туралы шынайы ақпарат беру. Жоба командасы демалыс қай жерде өз құнына лайық екенін және қай жерде тазалық пен жайлылықты арттыру үшін әлі де жұмыс істеу қажет екенін түсінуге көмектеседі.

Жүргізушілеріміз Әнуар мен Қырмызы сапарға шығуға дайын.

«Таза қала» жақын арада Jibek Joly телеарнасының эфирінде көрсетіледі!

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform
Фото: Kazinform
Фото: Kazinform