Таза Қазақстан: Ақтауда 7 мыңнан астам ағаш егілді
АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 7 мыңнан астам ағаш егілді.
- Маңғыстаудың климаттық жағдайына жақсы бейімделген үйеңкі, шынар, акация, айланд, бал шегіртке, туя, арша және қайың секілді ағаш түрлері егілді, - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындармен есептік кездесуінде.
Күзгі маусымының өзінде 2 мыңнан астам биікті 4,4 жарым метрлік ағаш егілген.
Сондай-ақ спутниктік түсірілім арқылы заңсыз төгілген ірі қоқыс қалдықтарының 17 нүктесі анықталып, демеушілердің қолдауы есебінен толық тазартылды.
Қоқыс жинау алаңдарына заманауи 1,1 текше метр 500 дана мырышталған еуро қоқыс жәшігін сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Ақтау қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында биыл 25
іс-шара өткізілді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтау қаласының 12 көшесіндегі қиылысқа кедергісіз бұрылу жолақтары қосылды.