Stop Musor жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты — халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, жауаптылық пен қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қалалардағы қоқыс деңгейін азайту.
Экосенбілік республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдау үшін ұйымдастырылып, еліміздің Конституциясының 30 жылдығына арналды.
Шараны ұйымдастырушылар — «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Астана қаласының әкімдігі және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы.
Негізгі мақсат — тек Қарасу өзені маңын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
— Бүгінгі сенбілік ұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп, Конституцияның 30 жылдығына арналды. Экологиялық саналы көзқарас қарапайым қадамдардан басталады — қалдықтарды сұрыптау, сенбіліктерге қатысу. Бүгін Астана жастары осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін көрсетті. Біз үшін мұндай шаралар бір реттік емес, дәстүрге айналып, қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін қалыптастырғаны маңызды, — деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.
Айта кетелік Астанада Кіші Талдыкөл көлін тазалау жұмысы жүргізілді.