«Таза Қазақстан»: Қапшағай жағажайларынан күніне 100 тоннаға жуық қоқыс шығарылады
07:15, 20 Маусым 2024
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында Қонаев қаласында қоқыстан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қонаев әкімдігінің мәліметіне сәйкес, аптасына қаладан 600 тонна қатты қалдықтар шығарылады.
«Шомылу маусымының басталуына байланысты қалада туристер ағыны өте көп. Барлық күшті жағажайларды тазалауға жұмсап жатырмыз. Мысалы, қалалық №7 жағажайдың өзінде 59 қоқыс жәшігі орнатылған. Күніне 90 тонна қалдық шығарылады. Ал қаланың ішінен күнделікті 10-12 тонна қоқыс жиналады», – деді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбек.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жоғарғы вольтты 10 станция салынатынын жазған едік.