«Таза Қазақстан»: студенттер Баянауыл ұлттық паркіндегі көлдерді қоқыстан тазартты

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы колледждердің студенттері Сабындыкөл және Жасыбай көлдерінің аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. 

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Эколог күніне орай Баянауылда «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Өңірдегі колледжердің студенттері ұлттық парктегі орманшылармен бірге аумақты тазартты.

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

— Тазалық — баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Қоршаған ортаның балансын сақтау, табиғат анаға деген қамқорлықты қалыптастыру, тазалыққа үлес қосу-әрбір азаматтың міндеті деп білемін. Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінде бүгін тазарту жұмыстары жүргізілді. Колледждердің студенттері орманшыларға көмекке келді. Акция барысында көзге түскен жастарды мақтау қағаздарымен марапаттадық. Барлық қатысушыға волейбол доптарын сыйладық, — дейді Баянауыл ұлттық паркінің директоры Аждар Жүсіпов.

Фото: Баянауыл ұлттық паркі

Еске сала кетейік, Баянауылға аққулар жиі ұшып келіп жатыр