Қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін бақылауда жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары да тиімді пайдаланылып келеді. Көшелер мен аулалардағы жағдай тәулік бойы бақылауда болып, тәртіп бұзған азаматтар камера назарына ілігеді.
Мәселен, белгіленбеген жерге қоқыс тастау, қоғамдық аумақтарды ластау, абаттандыру талаптарын бұзу, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі тұқылын лақтырып, алкогольдік ішімдік ішу сияқты жағдайлар анықталып отыр.
— Камера арқылы құқық бұзушылықты байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, заң бұзушылықтың жолын кеседі. Анықталған фактілер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Тазалықты сақтау — тек арнайы қызметтердің міндеті емес. Қоғамдық орындарға ұқыпты қарау, қоқысты белгіленген орынға тастау және тәртіп талаптарын сақтау — әр азаматтың жауапкершілігі, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында абаттандыру бойынша 600-ге құқықбұзушылық анықталды.