Қорытынды нәтижелерін ұйым өкілдері бүгін Алматы қаласында, Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз брифингінде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Брифинг «Балалар қорғауда» қоғамдық қорының құрылтайшысы Жанна Ахметова, саясаттанушы Эдуард Полетаев, ПЕН-клубтың басшысы Бигелді Ғабдуллин, журналистер Махат Садық пен Ерқанат Көпжасарұлы сөз сөйледі.
«Taza sailau» тәуелсіз байқаушылар қозғалысы Қазақстанның 25 қаласындағы 3138 сайлау учаскесіне 5 мыңға жуық байқаушыны жіберген. Осылайша, «Taza sailau» 10 мың сайлау учаскесінің 31% - ын қамтыды.
Бигелді Ғабдуллин өз сөзінде сайлау әділ және таза өткені туралы мәлімдеді.
«Қозғалыс құрылған сәттен бастап жас саясаткердің онлайн мектебін ашып, бақылаушылар үшін оқыту жүргізілді. 2 ай ішінде мектеп еріктілерді оқыту бойынша онлайн семинарлар мен тренингтер өткізді», деді ол.
Жанна Ахметова: «Біздің өкілдеріміз күні бойы сайлау барысын бақылап, дауыс беру қорытындысы бойынша бүкіл ел бойынша 500 заңбұзушылықты анықтады, олардың арасында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары көш бастап тұр».
Журналист Ерқанат Көпжасар жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 бұзушылық фактісі анықталғаны айтты.
Мысалы, №335 учаскеде сайлаушы жас қыздың тіркеу журналында оның қолы бар екенін анықтаған кезде факт тіркелді. Аталған факті бойынша акт жасалды», - деді ол.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар енгізілген шектеулерге байланысты саяси партиялардың кейбір өкілдері учаскелерге кіре алмады:
«Taza sailau» байқаушылары жергілікті жерлердегі ЖСУ өкілдерімен дауласып, сайлау учаскелерінде болу құқығын дәлелдеуге мәжбүр болды», - деді ол.
Сондай-ақ, қатысушылар заңбұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында да анықталғанын атап өтті, онда Семей және Өскемен қалаларының байқаушылары сайлау учаскілерінің суықтығына шағымданған. Бұл ретте құқық бұзушылық анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауы бір мезгілде өтетіндіктен, сайлаушыларға біреуден артық бюллетень беріледі.
«Кейбір азаматтар бір сайлаушыда бірнеше бюллетень болған кезде түсінбеушіліктер болды. Бірақ «Taza sailau» байқаушылары сайлаушыларға осындай сәттерді түсіндірді, соның ішінде әлеуметтік желілерде посттар жариялады», - деді Жанна Ахметова.
«TAZA SAILAU» тәуелсіз байқаушылардың тіркелмеген азаматтық қозғалысы әлеуметтік желілерде, атап айтқанда қоғамшыл Жанна Ахметованың бастамасымен басталған болатын.
Бұл бастаманы қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин, журналист Махат Садық, тележурналист Ерқанат Көпжасарұлы және саясаттанушы Эдуард Полетаев қолдады.