«Таза табиғат» жобасы: Өзен-көлдерден 23,7 шақырымнан астам иесіз ау алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті бүгін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында «Таза табиғат» жобасын іске асыру аясында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Акция балық шаруашылығы су айдындарын тасталған (иесіз) балық ауынан тазарту және су айдындарының жағалауын қоқыстан тазарту үшін өткізіледі.

Су қоймаларын тазарту үшін өткізілген акцияның нәтижесінде аталған облыстардағы су қоймаларынан ұзындығы 23,7 шақырымнан астам иесіз ау алынды, 23 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.
Сондай-ақ акцияға 70-ке жуық мемлекеттік инспектор және 781 адам (балық шаруашылығы субъектілері, қорықшылар және еріктілер) қатысты.
50-ден астам қайық, 83 көлік және басқа да көлік құралдары жұмылдырылды», делінген хабарламада.
«Таза су айдындары» акциясын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында теледидардан 8 сөз сөйлеу жүзеге асырылды, республикалық және жергілікті баспасөзде 11 мақала, әлеуметтік желілерде 3 материал жарияланды және табиғат қорғау акциясының қорытындылары туралы 1 баспасөз конференциясы өткізілді.
Ауды алыпа тастау және жағалауды қоқыстан тазарту үшін жүргізілетін акциялар балық ресурсы мен басқа да су жануарларының тіршілік ету ортасында қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.