27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазартубойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.
Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолменкөтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.
Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу жәнеэкологиялық мәдениетті дамыту.
Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акциясы аясында аудандардың ластанғанаумақтары тазаратын болады.
Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.