«Алла жазса, Тәж-Махалдың бұл көшірмесі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жауһарлардан жасалған бағалы қолтуынды аяқталған соң, 18 миллион долларға бағаланбақ. Бұл туындымен 35 кісіден тұрадын шеберлер тобы айналысуда. Макетте тұпнұсқадағыдай 20 күмбез, 32 есік бар. Барлық күмбезі мен есігі алтыннан жасалған. Тіпті, Тәж-Махалдағы Құран аяттары да макетке дәл түпнұсқадағыдай түскен. Аяттардың дұрыс жазылуы үшін арнайы дін қызметкерлерін де шақырған», - деп жазады Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.
Бағалы металдардан жасалған макеттің жобасын Стар Гемс зергерлік фирмасының иесі Сейід Ханиф есімді азамат жасаған. Ол, өзінің айтуынша, 22 жыл бұрын Тәж-Махалды алғаш көргенде, көркіне қатты сүйсінген. Міне, осы туындысынан 22 жыл бойғы сүйсінісін көруге болады. Тәж-Махал макетінің биіктігі - 105 сантиметр, ал ені 170 сантиметр.