21 жастағы Тәжаяқов екі пункт бойынша, тергеуге кедергі келтіргені үшін (20 жыл) және сөз байласқаны үшін (5 жыл) кінәлі деп танылып отыр. Енді ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот үкімі 16 қазан күні жарияланады.
Заңгерлердің айтуынша, теракті үрейінен әлі жазылмаған қалада әділ алқа билер сотын табу өте қиын.
«Бұл - біз үшін қатал күн. Мұндай шешімді күткен жоқпыз. Бомба жарылған қаладан әділ алқа билер сотын табу өте қиын. Біз жазаның жеңіл түрін алуға тырысамыз», - дейді қорғаушы Мэттью Майерс сот процессінен кейін тілшілерге берген сұхбатында.